26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтеді

Қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтеді

Мешіт тынысы
Жарнама

9 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Құрбан айт мерекесінің қарсаңында қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Барша мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы жақындап қалды. Жыл өткен сайын халық мерекенің қадір-қасиетін тереңінен сезініп, құрбандық шалушылар қатары көбейіп келеді.

Шариғи нормаларды сақтап, құрбандық малын сою – үлкен жауапкершілік пен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әлжан Ана» мешітінде құрбандық шалынатын нысандарда қызмет ететін қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырады.

Бағдарлама аясында қасапшылық қылатын азаматтарға білікті діни мамандар құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндіреді. Ислам талаптарына сай мал союдың қыр-сырын үйренген тыңдаушыларға арнайы сертификаттар тапсырылады.

Уақыты: 18 тамыз күні сағат 15:00-де.

Орыны: «Әлжан Ана» мешіті.

Толық мәліметтерді 87025299909 телефондары арқылы алуға болады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: