22
Жұма,
Қараша

һижри

Асқар Әбітайұлы: Құрбан айт құтты болсын!

Асқар Әбітайұлы: Құрбан айт құтты болсын!

Мешіт тынысы
Жарнама

Асқар Әбітайұлы
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі,
«Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы

Ардақты Алаш жұрты!

Барлық мұсылман жұртының ұлық мейрамдарының бірі құрбан айт мейрамына да келіп жеттік. Баршаңызға Құрбан айт мейрамы құтты болсын! 

Құрбан айт - ғасырлар бойы дәстүрімізге айналған, халықтық деңгейде тойланатын ұлық мейрам. Дархан дала төсіндегі ағайынның татулығы, елдің тыныштығы мен береке-бірлігі, халықтардың өзара достығының символына айналған халықтық мереке!

Құрметті ағайын! 

Бұл күндер шамасы жеткен әрбір мұсылман баласы құрбан шалып, өзінің бойұсынуы мен шүкіршілігін әйгілейтін, тақуалық амалдар жасайтын күндер. Ендеше, бұл күндерді барынша жақсылықтармен безендірмек керек.

Құрбан айт күндері ағайын-туыс бірін-бірі құттықтап, көршілерді, дос-жаранды шақырып, дастархан жаю, ренжіскен адамдар татуласып, өзара кешірісу, елдің бірлігін арттырып, азаматтардың адамдық қасиеттерін жетілдіретін амалдар жасау біздің дініміздегі айт күнінің әдебі саналады. «Отан отбасынан басталатынын» ескерсек, бұл мерекенің ел тұтастығы, қоғамның тыныштығы үшін берері айырықша.

Құрметті қала тұрғындары!

Құрбан айттарыңыз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі бүтін болғай! Шалған құрбандықтарыңызды Алла қабыл айласын!

Бөлісу: