19
Жұма,
Сәуір

һижри

Астана мешіттері 1270 баланы мектепке дайындады

Астана мешіттері 1270 баланы мектепке дайындады

Мешіт тынысы
Жарнама

7 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz -  Астана қаласындағы мешіттер 2018 жылғы жаңа оқу жылы қарсаңында атқарылған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1270 оқушыны мектепке дайындау жұмыстарына көмек қолын созды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында өкілдікке қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен мұқтаж және көп балалы отбасылардан шыққан 920 оқушы мектеп сөмкесі және оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, «Нұр Астана» орталық мешіті мен «Ырыскелді қажы» мешіті әрбір балаға қаржылай көмек көрсетті.

Үрдіске айналған игі шара қаладағы өкілдікке қарасты мешіттер мен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін (350 баланы дайындаған) қосқанда 1270 баланы қамтып отыр. 

№         

Мешіт атауы

Балалар саны

1

«Нұр Астана» орталық мешіті

210 мектеп оқушысы

2

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті

130 мектеп оқушысы

3

«Ырскелді қажы» мешіті

133 мектеп оқушысы

4

«Әлжан ана» мешіті

210 мектеп оқушысы

5

«Төлебай» мешіті

80 мектеп оқушысы

6

«Әс-Сәләм» мешіті

72 мектеп оқушысы

7

«Әл-Ғани» мешіті

56 мектеп оқушысы

8

«Шейх Кунта қажы» мешіті

29 мектеп оқушысы

 

Барлығы: 920 оқушы

1

2

3

4

5

7

9

10

11

14

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

13

13

13

1

1

Бөлісу: