21
Сәрсенбі, Қараша

һижри

«Жібек» қыз-келіншектер клубы көп балалы анаға көмектесті

«Жібек» қыз-келіншектер клубы көп балалы анаға көмектесті

Мешіт тынысы
Шрифт

27 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ Әйел-қыздар секторы «Жібек» қыз-келіншектер клубы көп балалы ана Иманғалиева Раушан Төлешовнаға көмектесті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубы алты баланың анасы Иманғалиева Раушанға 30 000 теңгеге азық-түлік пен 6 баланың сыртқы жылы киімдерін алып берді. Бір ұлы мен қызы және отағасы бірдей мүгедек болып тіркелген жанұя үшін бұл дер кезінде жасалған қуантарлық көмек еді. Сонымен бірге, салқын түспей тұрғанда пеш салып алуға және көмір түсіруге деп 100 000 теңге қаржы берілді.

Өзінің де денсаулығы сыр беріп жүрген Раушан апа клуб мүшелерінің істеген игі ісіне алғысын білдіріп, аналық батасын берді.

Клуб жетекшісі Динара Нұрғалиева көп балалы анаға құрбан айтта жасалған қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат есебінен көмек көрсетілгенін айтты.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Категория бойынша