29
Жұма,
Наурыз

һижри

Балаларға мерекелік сый жасалды (ФОТО)

Балаларға мерекелік сый жасалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

26 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Мәуліт мерекесіне орай балаларға сыйлық үлестірілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ел мешіттерінде Мәуліт айына орай бірқатар қайырымдылық шаралары мен рухани бағдарламалар легі жүзеге асырылуда. Елорда мешіттері де бұл үрдісті жалғастырып, қала руханиятына көрік беретін айшықты іс-шаралар өткізуде.

Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында доцент, ф.ғ.к. Мухитдинов Рашид Сражұлының жетекшілігімен Исламтану мамандығы бойынша магистранты Байзақ Мақсаттың ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне орай, көп балалы, мұқтаж отбасыларынан шыққан 60 балаға «Чапан» дәмханасында мерекелік дастархан жайылды.

Дастархан басына мешітіміздің Бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтап, бүлдіршіндермен білім алу, жақсы азамат болу хақында ой толғамдарымен бөлісті. Наиб имам Әділхан Серікбай мен ұстаз Ілияс Отаров балалармен салиқалы сұхбат өткізіп, бүлдіршіндерге ата-ананы, ұстаздарды құрметтеу, жақсы білім алу турасында әңгімелеп берді.

Сонымен бірге, іс-шара соңында 180 мың теңге көлемінде қаржылай мерекелік сыйлық барлық балаларға бөліп берілді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: