20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін барша Қазақстан халқы Тұңғыш президент күнін құттықтауда.

Тәуелсіздіктің арқасында қазақ елі өз ішінен Президент сайлау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бүгінде Елбасы жүргізген парасатты саясатының нәтижесінде Қазақстан көптеген белестерді бағындырып, дамушы елдердің қатарына қосылды. Көпэтносты және көпконфессиялы еліміздегі ауызбіршілік пен ынтымақ халықаралық аренада бейбітшіліктің үлгісі болып отыр.

Тәуелсіз еліміздің көгінде жаңа мешіттердің күмбездері көтеріліп, көптеген жаңа медреселер шәкірттерге есігін айқара ашты. Ежелден қазақ халқының қадірлі мерекелерінің бірі саналған Құрбан айт мемлекеттік мейрамға айналды. Ұлттық құндылықтарымыз жанданып, жас ұрпаққа кеңінен насихатталып жатыр. Діндер және ұлттар арасындағы ауызбірліктің қазақстандық үлгісі қалыптасты.

Ұлт көшбасшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарын еске алғанда халықтың сеніміне арқа сүйегенін тілге тиек еткен еді. Халықтың сенімі ардақты ұланы үшін әрдайым қуат пен қайраттың қайнар көзі болып қала бермек.

Тұңғыш Президент күні тәуелсіздігіміздің белгісі,  көк байрағымыздың биікте желбірегенін көруді  аңсаған ата-баба арманы орындалғанының көрінісі.

Алла Тағала еліміздегі ауызбіршілікті одан әрі нығайтып,  келісім мен ынтымақтың даңғыл жолынан айнытпасын. Тыныштық пен бейбіт өмірдің бесігіне айналған Отанымыздың атаулы мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Асқар Әбітайұлы

ҚМДБ филиалы

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы

Бөлісу: