19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау жариялаймыз

«Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау жариялаймыз

Мешіт тынысы
Жарнама

11 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Тәуелсіздік күніне орай, Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің ресми сайты ummet.kz рухани-ағарту порталы үздік құттықтау, тілектерге байқау жариялайды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген халқымыз «Баталы құл – арымайды, батасыз құл – жарымайды», «Атадан бота қалғанша бата қалсын» деп бата-тілектің, жақсы сөздің қадірін парасат биігінде бағамдаған. Осыған орай қастерлі Отанымыздың келешегі мен қасиетті Тәуелсіздігіміздің баянды болмағы, ел-халқымыздың баяшат өмірі үшін айтылған әрбір жақсы сөз дұға есебінде қабыл болатыны анық.

«Тәуелсіздік күніне тілек» деп аталатын байқауға қатысушы үміткер ummet.kz сайтындағы арнаулы бетке өзінің Тәуелсіздік күніне орай, ақжарма тілектерін қалдыра алады.

Құттықтау сөздерге оқырман қауым лүпіл басу арқылы өз бағасын береді. Оқырманның ең көп ықыласына бөленген үздік 3 құттықтауға редакция тарапынан арнайы сый-сияпат бар.

Байқауға құттықтау, тілектерді осы жазбаның төменгі жағындағы комментарий алаңына, электронды поштамен тіркелу арқылы жазуға болады. 

Уақыты: 18.12.2018 ж. күні 00:00-ге дейін.

Байқау қортындысы 19.12.2018 ж. белгілі болады. Байқау нәтижесі сайтта қосымша хабарланады.

Бөлісу: