26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау өз мәресіне жетті

«Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау өз мәресіне жетті

Мешіт тынысы
Жарнама

20 Желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Тәуелсіздік күніне орай өткізген «Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Астана қаласы «Нұр Астана» мешіті тәуелсіздік мерекесінің құрметіне ummet.kz рухани-ағарту порталы арқылы «Тәуелсіздік күніне тілек» атты үздік құттықтау, тілектер байқауын өткізген болатын.

Қоғам мүшелері тарапынан жақсы қабылданған байқауға аз күннің ішінде 6000-нан астам оқырман қызығушылық танытып, 50-ге жуық азамат белсенділік көрсетті. Байқау шарты бойынша оқырмандар ел егемендігіне деген жүрекжарды құттықтауларын қалдырып, еліміздің ертеңі мен халқымыздың болашағы үшін тілектерін жазудан сынға түсті. 

Жарыс нәтижесінде мазмұнды, мағыналы тілектер жазумен қатар оқырманның ықыласына бөленген үш тілек иесі анықталып, Баянбек Съез, Берікқызы Гүлбану, Шажалиева Нұржамал есімді оқырмандарымыз жеңімпаз атанды.

Аталған оқырмандар егер Астана қаласында болса, Қабанбай даңғылы, 36 мекен-жайы бойынша редакцияға келіп, сыйлықтары мен алғыс хаттарын ала алады. Алыстағы жеңімпаздарымыздың алғыс хаттары мен сыйлықтары ҚазПочта арқылы жіберілетін болады. 

Ал, Тәуелсіздік күніне жүрекжарды тілектерін жазып, байқауға атсалысқан барлық оқырмандарымызға алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да Ummet-пен бірге болыңыздар!

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: