29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Астана – мейірімді қала» акциясы басталды

«Астана – мейірімді қала» акциясы басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

26 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Елордада «Астана – мейірімді қала» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Астана қаласындағы ауа-райының күрт суытуына байланысты «Нұр Астана» мешітінде мешіт қызметкерлері мен жамағаттың бірігуімен қала тұрғындарын тегін тасымалдауға бағытталған «Астана – мейірімді қала» акциясы өтуде.

ҚМДБ-ның Астана өкілдігінен бастау алған қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Мешіт ұжымы Елордамыздағы күн райының қолайсыздығына орай көмекке мұқтаж болған жандарға қамқорлық танытуға шақырады.

Аталмыш акция төмендегідей үш бағытты қамтиды:

  1. Қала тұрғындары мен қала қонақтарына бағытталған тегін такси қызметі;
  2. Мұқтаж болған отбасыларына азық-түлік тарату, көмір түсіріп беру;
  3. Қала тазалықшылары мен құрылысшыларға ыстық ас пен шәй ұсыну.

Алла Елшісі (ﷺ): «Кімде-кім мұсылман бауырының дүниелік қиындықтардан бір қиындығын өтесе, Алла оның қиямет күніндегі қиындықтардан бір қиындығын кетіреді. Кімде-кім ауыр жағдайға түскен адамның ауыртпалығын жеңілдетсе, Алла оның дүниедегі және ақыреттегі ауыртпалығын жеңілдетеді» деген.

Акцияның 1-ші тармағы бойынша «тегін такси» қызметін көрсетемін деген азаматтар үшін мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: 87755622044 (наиб имам Нариман Исенов);

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік, көмір түсіріп беремін деген азаматтар үшін мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: 87716660909 (наиб имам Ербол Абдуахит), 87757207510 (ұстаз Илияс Отаров);

Акцияның кейінгі тармағы бойынша «тегін тамақ» беремін дейтін азаматтардың келесі нөмірге хабарласуын сұраймыз: 87716660909 (наиб имам Ербол Абдуахит), 87757207510 (ұстаз Илияс Отаров).

Бөлісу: