21
Жексенбі, Сәуір

һижри

Боранды күнгі «Мейірімді қала»

Боранды күнгі «Мейірімді қала»

Мешіт тынысы
Жарнама

5 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешіті «Астана – мейірімді қала» акциясының аясында тегін такси қызметін көрсетуге мешіт жамағатынан 18 көлік шығарды және «Астана тазалық» ЖШС-нің 100 жұмысшысына тегін ыстық тамақ пен шәй таратты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылдағы үрдіс бойынша ауа-райы күрт суытқан аязды күндері қаламыздағы мешіт қызметкерлері мен жамағаты бір кісідей бірігіп, жолда қалған кісілерге тегін көлік қызметін, ал күннің суығына қарамастан сыртта жұмыс істейтін қоғамдық жұмысшыларға ыстық тамақ пен шай ұсынуда. «Қарғыс алма, алғыс ал» деген баба танымын ту еткен жанашыр жандарға қала тұрғындары да өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп жатты.

Алла Елшісі (ﷺ): «Кімде-кім мұсылман бауырының дүниелік қиындықтардан бір қиындығын өтесе, Алла оның қиямет күніндегі қиындықтардан бір қиындығын кетіреді. Кімде-кім ауыр жағдайға түскен адамның ауыртпалығын жеңілдетсе, Алла оның дүниедегі және ақыреттегі ауыртпалығын жеңілдетеді» деген.

Синоптиктердің бағамдауынша алдағы бірнеше күн қаламызда ауа-райы қолайсыз болмақ. Осы уақытта сауапты іске атсалысамын деген барлық жан төмендегі телефон нөмірлері арқылы байланыса алады.

«Тегін такси» қызметіне атсалысу үшін: 8775 562 2044 (наиб имам Нариман Исенов);

«Тегін ыстық тамаққа» қаржылай көмектесу үшін: 8775 720 7510 (ұстаз Илияс Отаров);

Мұқтаж кісілерге көмір түсіруге атсалысу үшін: 8771 666 0909 (наиб имам Ербол Абдуахит).

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: