26
Жұма,
Сәуір

һижри

Мешіт жамағаты Ұлыстың Ұлы күнін тойлады

Мешіт жамағаты Ұлыстың Ұлы күнін тойлады

Мешіт тынысы
Жарнама

22 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешіті жұма намазына жиналған жамағат пен қала қонақтарына Наурыз мейрамына орай мерекелік шара өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатқан Наурыз мейрамын ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттердің қатарында «Нұр Астана» мешіті де ерекше форматта өткізді. Мешіттің ауласында арнайы киіз үй тігіліп, жиналған қауымға тегін наурыз көже таратылды.

«Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов жиналған қауымды мерекесімен құттықтап, ұлттық мейрамның жоғары деңгейде өтуіне тілкетесік білдірді.

«Наурыз – аят, хадистерде айтылған береке-бірлікті, татулықты күшейтуге септігін тигізетін ұлттық мейрам. Бұл күндері қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен қауышып, жеті түрлі дәмнен наурыз көже пісіріп, туысқандық қарым-қатынасты, қоғамдағы бірлік пен жарасымды күшейтетеді. Осындай қоғамдық маңызы зор мерекені жас ұрпақтың санасында жаңғырту мақсатында бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырып отырмыз. Ендеше, қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы құтты болсын!», - деп ақжарма тілегін жеткізді А. Мұқанов.

Айтулы күнде Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, рекордсмен, қол күрестен Қазақстанның үш дүркін чемпионы Тимур Спатаев өнер көрсетті.  Салмағы 10 тоннадан асатын жүк көлігін сүйреп, болат темірді майыстырып, жиналған жұртшылықты таңдай қақтырды. Бас имам Асқар Мұқанов танымал спортшының өнеріне жиналған қауымның атынан ризашылық білдіріп, алғыс айтты. Сонымен бірге, ата дәстүріміз бойынша спортышының иығына шапан жапты.

Ал, әсем ән мен тәтті күйден шашу шашқан өнер адамдары мен ақындар мерекелік шараның сәнін келтіріп, халықтың қуанышын бөлісті.

Мешіттің әйел жамағаты да әз Наурыз мейрамын тойлауға атсалысып, арнайы дастархан жайды. ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері Ұлыстың Ұлы күніне арнайы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңке аясында клуб мүшелері өз қолдарымен дайындаған тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдарын сатты.

Сондай-ақ, жылдағы үрдіс бойынша мешіт ауласында арқан тарту, асық ату, қол күресі мен кір тасын көтеруден сайыстар өткізілді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық ойындарға мешіт жамағаты мен қала қонақтары белсене қатысса, жиналған қауым тартысты ойынды тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді. Ал, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: