23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Нұр Астана» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (ФОТО)

Биылғы алғашқы тарауық намазы оқылды

Мешіт тынысы
Жарнама

6 мамыр. Астана. Ummet.kz – Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде тарауық намазы басталды. «Нұр Астана» мешітінде де алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін түнде жаңа айдың тууына байланысты айтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы кірді. Осыған орай, ел мешіттерінде 20 рәкәғаттан тұратын тарауық намазы оқыла басталды. Осы үрдіс ай бойы жалғасады.

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қағыс қалмауға шақырды. Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды.

«Нұр Астана» мешітінде ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды. Атап айтқанда, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы, білікті қари Әділхан Серікбай, Республикалық Құран жарысының жүлдегері, Малайзиядағы 70 мемлекет арасында өткен Құран жарысында алғашқы үздік ондыққа кірген Шоқан Уәлиев, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран жарысында «30 пара Құранды жатқа оқу» бойынша бас жүлдені алған Нағим қари Серікұлы, екі қирағаттан ижаза алған «Нұр Астана» орталық мешітінің азаншысы Салман қари Әбдіхафизұлы қатарлы танымал қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып, Хатым жасайтын болады.

«Тарауық (кей өңірлерде тәребі)» сөзі араб тіліндегі «тәруиха – ترويحة» сөзінің көпше түрі «التراويح» сөзінен шыққан. Қазақ тілінде «демалу», «тынығу» деген мағыналады береді. Бұлай аталатын себебі, тарауық намазында әр төрт рәкәғатынан кейін жамағат бір сәт аяқ жазып, тасбих айтылып тынығады. Әбу Ханифа мазһһабы бойынша 20 рәкәғат оқылады.

Аталған игі шараға, мешіт ақсақалдары мен мешіт имамдары мен мыңдаған елордалық мұсылмандар қатысты.

Елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан үрдіс бойынша үш бағытта тегін автобустар шығарылып, мешітке келген жамағаттың үйіне қайтуына мүмкіндік жасалды. 

Алла қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: