23
Сенбі,
Қараша

һижри

Танымал қарилар Хатым Құран түсіруде (ФОТО)

Танымал қарилар Хатым Құран түсіруде (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

6-мамыр. Астана. Ummet.kz – Қасиетті Рамазан айының басталуымен жылдағы дәстүр бойынша Тарауық намазында Құран Хатым оқыла бастады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Айлардың сұлтаны болған  қастетті Рамазан айының халық арасында «Құран айы» деген де кеңінен танылған екінші аты бар. Яғни, бұл айдың қасиетті кітабымыз Құран Кәріммен байланысы ерекше. «Қадір» сүресінің 1-аятында: «Ақиқатында Біз оны Қадір түнінде түсірдік», дейді. Құран Кәрім осы айдың ең қасиетті түнінде уахи етіліп, түсе бастаған. Қасиетті айдың «Құран айы» деп аталуы да ең әуелі адамзат тарихындағы осы бір елеулі уақиға байланысты.

Әр жылдың Рамазан айында Алла Елшісі (с.ғ.с.) уахиды жеткізуші, ұлық періштенің бірі Жәбірейілге (ғ.с.) Құранды Хатым етіп тапсыратын болған. Бұл да азамзат тарихында алтын әріптермен жазылуға тиісті өнеге, ғибраты мол айырықша уақиға. Рамазан айы осысымен де ерекше.

Тарихи деректерге сүйенсек, мазһабымыздың көшбасшысы, ұлық имам Әбу Ханифа Рамазан айында Құранды бірнеше мәрте хатым еткені айтылады.

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның бастамшылығымен, еліміздегі барлық қарилар республиканың басты қалаларында болып, ай бойы Құран Хатым етеді.

Бұл игі бастама «Нұр Астана» мешітінде де жылда атқарылар үрдіске айналған.

Мешітімізде ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды. Атап айтқанда, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы, білікті қари Әділхан Серікбай, Республикалық Құран жарысының жүлдегері, Малайзиядағы 70 мемлекет арасында өткен Құран жарысында алғашқы үздік ондыққа кірген Шоқан Уәлиев, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран жарысында «30 пара Құранды жатқа оқу» бойынша бас жүлдені алған Нағим қари Серікұлы, екі қирағаттан ижаза алған «Нұр Астана» орталық мешітінің азаншысы Салман қари Әбдіхафизұлы қатарлы танымал қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып, Хатым жасайтын болады.

3

6

5

16

21

Бөлісу: