26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Елордада алғашқы ауызашар берілді (ВИДЕО+ФОТО)

Елордада алғашқы ауызашар берілді

Мешіт тынысы
Жарнама

6 мамыр. Астана. Ummet.kz – Елорда мешіттерінде биылғы Рамазан айының алғашқы ауызашары берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін – қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Осыған орай, ел мешіттерінде ұстаушы ағайынға ауызашар дастархандары жайылуда. Үрдіске айналған осы бір игі шара аясында Елорда мешіттері де өзгеше дайындықпен ауызашарлар берілді.

«Кімде-кім ораза ұстаған жанды ауызашарға шақырып тамақ беріп аузын аштырса – ауыз ашқан кісінің сауабындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді».

Хадис өнегесін басшылыққа алған «Нұр Астана» мешітінде биылғы Рамазан жылдағыдан өзгерек. Ресторан үлгісінде арнаулы 400 адамдық Рамазан шатыры тігіліп, жамағатқа мешіт жанынан ауыз ашуға мүмкіндік жасалды. Міне, бүгін аталған шатырда Алланың ризалығы үшін ораза ұстаған азаматтарға биылғы алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. 

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов ауызашар дастарханына қатысып, жиналған жамағатқа ораза айының қадір-қасиеті мен ауызашар жасаудың пайдасы жайында тұщымды уағыз-насихат айтты.  

«Оразаны ұйымдастырудағы мақсат тамақ ішіп тарқау емес. Бұл – көптеген жақсылыққа себепкер болатын игі дәстүр. Әуел, бұл жерде Алланың сөзі, Пайғамбарымыз ғалайһиссаламның хадистері, бабаларымыздың асыл өнегесі айтылып, өмірімізге, иманымыз бен руханиятымызға, ақыретімізге пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. Сосын, ел азаматтары бір-бірімен дастархан басында көрісіп, бауырмашылық, береке-бірлігін арттырады. Ислам діні – осындай садақа институты арқылы, зекет институты арқылы жағдайы бар адамдар мен жағдайы жоқ кісілерді бір-біріне жақындатып, жүректерін біріктіріп жіберетін асыл дін. Дініміздің осындай асыл тұстарын көрсетуге атсалысып, ағайындардың осы жерде ауызашуына мүмкіндік жаратып, қасиетті айда мешіт істеріне демеуші болған  асыл азаматтарға алғыс білдіреміз», - деді Асқар Әбітайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Астана» мешітінде ай бойы күнделікті 400 адамға ауызашар дастарханы жайылып, дастархан басында тақырыптық уағыз-насихаттар айтылатын болады.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: