21
Жексенбі, Шілде

һижри

581 шәкірт жылдық курсты тәмамдады

Шәкірттерге сертификат табысталды

Мешіт тынысы
Жарнама

10 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітіндегі Діни сауат ашу курсының 2018-19 жылдарға арналған оқу бағдарламасы тәмамдалып, шәкірттерге сертификат табысталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» мешітінде жыл бойы білім алған шәкірттердің ішінен «Муғәлим сәниді» тамамдаған тәлім алушыларға сертификат берілді.

Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген салтанатты шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, І наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, шәкірттерге өз қолынан сертификат табыстап, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

«ҚМДБ-ның басымдылық берген төрт бағытының бірі – діни сауат ашу курсының жұмыстары. Яғни, ел аумағында әрбір мешіттің жанында сауат ашуға арналған тегін курстар бар. Мұндағы мақсат – халықты сауаттандыру, экстремизм-терроризмнің алдын алу, жат ағым, жат идеялогияға қарсы халқымыздың имани иммунитетін қалыптастыру», - дей келіп,  шәкірттер мен ұстаздардың алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Қыркүйек айынан бастап мамырдың соңына дейін жүргізілетін оқу бағдарламасы аясында олар Құран әліппесін меңгеріп, ақида, фиқһ, құлшылық, «Таным тұғыры», «Мұсылмандық шарты» пәндері бойынша қосымша білім алып шықты. Бұл жайында жиналған көпшілікке «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов мешіт жанындағы сауат ашу курсы жайында айтып өтті:

«Биылғы жылы мешітімізде Діни сауат ашу курсынан 321 ер адам тұрақты түрде тәлім алып жатыр. Соның 200-і «Муғалим сәниді» бітіріп, Құранға түсуіне орай бүгін сертификат алып отыр. Әйел-қыздар секторында 260 шәкірт тәлім алып, олардың 100-і Құранға түсті. Жалпы 581 шәкірт діни сауатын ашу курсына қатысты».

Бұдан бөлек оқу жылы бойы олардың білімдерін арттыра түсу мақсатында арнайы уағыздар ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, шәкірттер арасындағы бірлікті бекемдеп, бауырластықты күшейту мақсатында Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша бірнеше мәрте спорттық сайыстар, Құран жарыстары, білім олимпиадалары өткізілген болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: