26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Мешіт жариялаған «Қайырымды шаңырақ» атты марафон басталды (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт жариялаған «Қайырымды шаңырақ» атты марафон басталды (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

18 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон аясында 30 отбасы 30 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айына орай, «Нұр Астана» мешіті қоғамның жүгін жеңілдетіп, азаматтар арасындағы береке-бірлікті арттыруды ойлаған мешіт ұжымы «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық марафон бастаған болатын. Бүгін, ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылу мен мейірімділік жеткізу мақсатында қолға алынған осы бір игі жобаның бастамасы болды.

Шараға қатысуға ниеттенген 30 отбасының мүшелері мешітке жиналып, мешіт қызметкерлерімен бірге жамағаттың көзінше мұқтаж 30 отбасына азық-түлік үлестіріп, өз көмектерін көрсетті.

Іш-шараға қатысқан «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов мешіттен бастау алған қайырымдылық шарасы туралы айтып берді.  

«Бұл шара – біздің аталарымыздан келе жатқан салтымыздың заңды жалғасы. Халқымызда әлі күнге сақталған «жылу жинау», «асар» сияқты көмек көрсетуге бағытталған дәстүрлеріміздің үлгісінде жасалып отыр. Дініміз қайырымдылық, мейірімділікті насихаттау арқылы адамдарды бір-біріне жақындатып отыратын дін. Сондықтан да, отбасылық қайырымдылық шарасын бастау арқылы ауқатты адамдар мен көмекке мұқтаж кісілердің арасын жақындату болса, отбасы мүшелерін толық қатыстыру арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсету», - деді Асқар Әбітайұлы.

«Су басынан тұниды» дегендей Бас имам өзі бас болып «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафонға атсалысты. Отбасымен бірге келесі отбасына көмек беріп қол ұшын созды.

Шараға атсалысқан отбасылар ішінде келесі отбасына үнемі қарайласып, қамқорлық жасап тұруға ниетті азаматтар да табылып жатты. 

Естеріңізге сала кетейік, Елордада орналасқан «Нұр Астана» мешіті «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон жариялаған болатын. Ауқымды қайырымдылық шарасы Рамазан айы бойы өз жалғасын табады деп күтілуде.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: