22
Жұма,
Қараша

һижри

«Қайырымды шаңырақ» марафоны жалғасуда (ФОТО)

«Қайырымды шаңырақ» марафоны жалғасуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

25 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон аясында тағы да 30 отбасы 30 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Халқымыздың арасындағы береке-бірлікті арттыруға қарлығаш қанатымен су сепкендей болса да өз үлесін қосуды ойлаған мешіт ұжымы Қасиетті Рамазан айына орай «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық марафон бастаған болатын. Өткен аптада істің бастауы есебінде 30 шаңырақтың көмегі келесі 30 шаңыраққа жеткізілген еді.

Ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылу мен мейірімділік жеткізу мақсатында атқарылып отырған іс-шара бүгін де өз жалғасын тапты. Мешітке жиналған 30 отбасының мүшелері мешіт қызметкерлерімен бірге жамағаттың көзінше мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 30 шаңыраққа азық-түлік үлестіріп, қолдан келгенінше көмектерін көрсетті.

Іс-шараға қатысқан «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов, наиб имамдар Руслан Байзақов, Нариман Исенов пен мешіт жамағаты қатысты.  

Естеріңізге сала кетейік, Елордада орналасқан «Нұр Астана» мешіті «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон жариялаған болатын. Марафон аясында бір шаңырақ астында тұрып жатқан бір үйлі жан атсалысып, келесі бір мұқтаждығы бар отбасына көмек қолын созады.  Ауқымды қайырымдылық шарасы Рамазан айы бойы өз жалғасын табады деп күтілуде.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: