22
Жұма,
Қараша

һижри

Елордалық жамағат Қадір түнін қарсы алды (ФОТО)

Елордалық жамағат Қадір түнін қарсы алды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

1 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өкілдікке қарасты Елорда мешіттерінде Қадір түні өткізілді. «Нұр Астана» мешітінде де қасиетті кешке орай жиналған елордалық жамағат Қадір түнін қарсы алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ауызашар шатырында 400 адамдық ауызашар беріліп,  жамағатпен Тарауық намазы оқылды.  Бас имам Асқар Әбітайұлы жиналған жамағатты мүбәрак түнмен құттықтады:

«Құрметті қауым! Баршаларыңызға қасиетті Қадір түні құтты болсын! Ниеттеріміз, дұға-тілектеріміз, ғибадаттарымыз қабыл болғай!

Қадір кеші – келесі жылға дейінгі тағдыр жазылатын айырықша түн. Құран Кәрімнің түсуімен ерекшеленетін қайырлы кештің сауабы да айырықша. Рухани маңызымен қоса, қоғамдық-әлеуметтік мәні де айырықша кеш.

Қала берді, Қадір түні – дұғалар қабыл болатын түн.  Сондықтан, бұл түнді ғанибет біліп, дүние-ақыретіміз үшін, өзіміз, отбасымыз, ағайын-туыс үшін дұға жасаған абзал. Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, Тәуелсіз елімізге баяндылық тілеу біздің ел алдындағы азаматтық борышымыз әрі мұсылманшылық сипатымыз болып саналмақ», - дей келіп, «Қадір» сүресін қысқаша тәпсірлеп, рухани келбеті мың айдан қайырлы болған абзал кештің артықшылықтары жайлы баяндап берді.

Ай бойы Тарауық намазында оқылған Құран Хатым аяқталып, жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды. Бас имам Асқар Мұқанов пен қарилардың қатысуымен Хатым дұғасы жасалып, еліміз бен жерімізге бақ-береке, ырыс-құт, ел халқына тыныштық, әрбір ағайынға екі дүниенің жақсылығын тіледі.

Сонымен бірге, мешітке келген ағайынның дұрыс діни ақпараттармен сусындауы үшін  арнаулы бағдарлама бойынша уағыз-насихат айтылды. Наиб имамдар Әділхан Серікбай мен Мамедалиев Нұрсұлтан Қадір түні, дұғаның маңызы, қабыл болу шарттары жайында уағыз-насихат айтты.

Мешіт ауласында 3 жерге арнаулы LED экран қойылып, сырттағы жамағаттың да қасиетті түнге орайластырылған іс-шаралар легінен қағыс қалмауына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, ummet.kz сайтының редакциясы жасаған арнайы роликтер көрсетіліп, қасиетті кештің өз деңгейінде өтуіне мүмкіндік жасалды.

Міне, осылайша биылғы Қадір түні де асыл дініміздің тарихына айналып үлгерді.

Бүгін мешітке жиналған жамағаттың жүрекпен жасаған құлшылықтары қабыл болғай! Түнгі намаздан жүрек тыныштығын тапқан әрбір мұсылманға Алла разы болсын!

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: