02
Сенбі,
Наурыз

һижри

Түркістанда Ислам институты ашылады

Түркістанда Ислам институты ашылады

Жаңалықтар
Жарнама

Түркістан қаласында имамдардың білімін жетілдіруге арналған Ислам институты ашылады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен болған кездесуде осындай келісімге келді.

2022 жылы Түркістан қаласында «Қылует» рухани-мәдени орталығының құрылысы басталған еді. Биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Орталықта бұрынғы тарихи қалпын сақтаған заманауи 500 адамға арналған жерасты мешіті де болады.

Дәл осы орталықтың жанынан салынып жатқан оқу ғимаратында имамдардың білімін жетілдіруге арналған Ислам институты ашылады. Қазіргі таңда қажетті жағдайлар жасалуда. Оқу ғимараты 120 адамдық жатақхана, 60 орындық кітапхана, 100 орындық дәрісхана және 60 орындық асханамен қамтылады.

Айта кетейік бүгінде Түркістан облысында 800-ге жуық мешітте 1100-ден астам имам қызмет етуде. Дегенмен институт тек Түркістан өңірінің имамдарына ғана емес, Жамбыл, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының дін саласы қызметкерлеріне дәріс өткізеді. Курс жылына 4 рет ұйымдастырылса, оқыту мерзімі 2 айға созылады.

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы орталықтың құрылыс барысын аралап, жоспармен танысқан болатын.

Бөлісу: