18
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Тарихтағы ұлы аналар болмысы» өңірлік форумы өтті

«Тарихтағы ұлы аналар болмысы» өңірлік форумы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жетісу облыстық өкілдігі және «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ филиалының ұйымдастыруымен «Тарихтағы ұлы аналар болмысы» тақырыбында Талдықорған қаласында өңірлік форум өтті.  

Форумға ҚМДБ Әйел қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлназия Мұстафа, өңірдің әйел ұстаздары, ақжаулықты әжелер мен қыз-келіншектер қатысты. Динара Құтқожақызы «Тарихтағы ұлы аналар болмысы мен келбеті» тақырыбында насихат айтса, сектордың облыстағы жауапты өкілі Әйгерім Атымтайқызы Жетісу өңірі бойынша үлгі боларлық аналар жайын айтты.

Сондай-ақ іс-шарада кимешек түрлері назарға ұсынылып, тұсаукесер рәсімі жасалса, форум соңы қатысушылардың сұрақ-жауап форматындағы еркін сұхбатына ұласты.

Бөлісу: