29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ өкілдері – халықаралық конференцияда

ҚМДБ өкілдері – халықаралық конференцияда

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ қызметкерлері Еуропа елдерімен өткен «Донорлық және трансплантация үдерісі бойынша ғылыми диалог: қоғамдық, мәдени және діни пікір» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Аталған конференцияда шет елдерден және отандық ғалымдар баяндама жасады. Атап айтсақ, конференция жұмысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық перспективасы, ДДСҰ рөлі (қарарлар), адам ағзасы мүшелерінің донорлығы мен трансплантациясы саласындағы дәрігерлер жұмысының құқықтық және этикалық негіздері мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков пен ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов баяндама жасап, ислам дініне сәйкес донорлық органның қабылдануы және оның қиыншылықтары туралы өз ойларын бөлісті. Бұл бағыттағы әлеуметтік сана мен мақсатты кәсіби білім беру мәселесі де көтерілді. Бұл ретте осы мәселе бойынша ҚМДБ-ның ұстанымы көрсетіліп, адам ағзасын ауыстыру бойынша мұсылман ғалымдарының пәтуалары мен шешімдері көрсетіліп, талқыланды.

Бөлісу: