26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алматы: 524 білім алушыға сертификат табысталды

Алматы: 524 білім алушыға сертификат табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жүректің көктемі» атты қала мешіттерінде дәріс алған шәкірттерді марапаттау кеші өтті.

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінде өткен салтанатты шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, шәкірттерді айтулы күнмен құттықтады. Оқу жылының басынан бері мешіттерде тұрақты дәрістерге қатысып, ілімін жетілдірген қыз-келіншектер, ақ жаулықты аналарға алғыс айтып, білімдерін дәлелдейтін сертификат табыстады. «Білім – сарқылмас қазына. Адамды рухани байытып, өмірлік ұстанымын нығайтатын ерекше құндылық. Білім – адамды бақытты өмір сүруге бағыттайтын нұр һәм шамшырақ. Сондықтан мұсылман үмбеті ретінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетін орындап, өзін жан-жақты дамытып, білімге ден қойған әпке-қарындастар мен ақ жаулықты аналарға Алла разы болғай», - деп атап өтті бас имам.

Қала бойынша 25 мешіттен 524 шәкірт марапатталып, сыйлыққа қасиетті Құран Кәрім кітабы табысталды. Сонымен қатар шәкірттерге діни ілім-білім үйретуден жалықпаған ұлағатты ұстаздардың еңбегі ескеріліп,  алғыс хаттармен марапатталды. ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы барша қатысушыларға алғыс айтып, шәкірттерге діни білімін жалғастырып, ілімін арттыруда сәттілік тіледі.  

 

 

 

 

 

 

  

 

 

  

Бөлісу: