26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Алматыда ижаза беру рәсіміне қатысты (фото)

Бас мүфти Алматыда ижаза беру рәсіміне қатысты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыға барған сапарында Орталық мешітте өткен қариларға ижаза беру салтанатты рәсіміне қатысты. ҚМДБ Төрағасы 11 қариға арнайы сертификат табыстады.

Игі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз Астанада Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтын және осы оқу орнынан «Ижаза» орталығын аштық. Бұл – діни салада жеткен тұңғыш жетістігіміз, исламдық білім берудің маңызды кезеңі. Осынау тарихи сәттің куәсі болуды сіз бен бізге нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақ болсын. «Құран ижазасы» – тізбегі ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бастау алатын қариларымыздың ережеге сәйкес Құранды оқуы мен толық есте сақтауын куәландыратын құжат. Қариларымызға алған білімі екі дүниеде де дәрежелерін көтеріп, жаттаған Құранын әрдайым есте сақтап жүргей. Сондай-ақ осы институттың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан Бағдат Манабаевқа, «Ижаза» орталығының Алматы қаласы бойынша жауапты қызметкері Ақжолтай Бақытжанұлына, барша ұстаздарға Алла разы болсын», – деді.

Айта кетейік, бұған дейін Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының Астанадағы «Ижаза» бөлімінде алғаш рет тәлім алған 14 шәкірт доктор Махмуд Хасан Махмуд Мұхаммедтен Асым қырағатының хафс риуаятына сай шатабия жолы бойынша ижаза куәлігін алған болатын. Сонымен қатар өткен жылы «Ижаза» орталығының Алматы қаласындағы бөлімінде 18 қари аталмыш куәліктің иегері атанған болатын. Бүгін 11 қариға арнайы сертификат табысталды.

Бөлісу: