28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ел – үлесі пәтерге: Бір аптада 13 отбасы баспаналы болды

Ел – үлесі пәтерге: Бір аптада 13 отбасы баспаналы болды

Жаңалықтар
Жарнама

Өткен аптада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел – үлесі пәтерге» жобасы аясында 13 отбасы баспаналы болып, жаңа қонысқа кірді.

Өздеріңізге белгілі, биылғы көктем, өкінішке орай елімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Еліміздің 10 облысын су басып, көлемі жағынан мұндай апат соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болып отыр. Дана халқымыз «Күш – бірлікте» дейді. Баспанасынан айрылып, жапа шеккен мыңдаған отбасының қайғысы бәрімізге ортақ. Осынау қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақтың қадірі артуда. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету үшін «Зекет және қайырымдылық» қоры  «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге айрықша ден қойды.

Аталмыш жоба аясында 10 пәтер  су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға берілсе, қалған үш пәтер жалғызбасты аналарға, көп балалы, асыраушынан айрылған отбасыларға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында табысталды. Тасқын судан зардап шеккен Арқалық тұрғыны жаңа қоныс кілтін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қолынан алып, ризашылығын білдіріп өтті. Ал, Батыс Қазақстан облысында жаңа пәтер ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының тілегімен табысталды. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, жиналған қаражат аталмыш екі пәтерді сатып алуға жұмсалғанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Атырау облысында тағы бір отбасын жаңа қоныспен қуантты. Айтулы шарада жанашыр азаматтар мен ауыл тұрғындары ізгі тілегін жаудырып, жаңа қонысқа береке тілеуде.

Бөлісу: