27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Мысыр Парламенті сенатының төрағасымен кездесті

Бас мүфти Мысыр Парламенті сенатының төрағасымен кездесті

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқпен кездесті.

Республикалық бас мешітте өткен кездесуде екі ел арасындағы рухани әрі тарихи байланыс жөнінде айтылды.

«Екі ел арасындағы рухани байланыстың тамыры тереңде жатыр. Соның бірден-бір рәмізі ретінде «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітін ерекше атай аламыз. Бірер жыл бұрын тарихи мешіт қайта жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүгінде Мысырдың Уақып министрлігі, мүфтияты және әйгілі әл-Азһар университетімен тығыз байланыста. Бұрын қазақ шәкірттер Мысырға барып білім алса, бүгінгі таңда білікті ұстаздар Қазақстанға келіп «Нұр-Мүбарак» университетінде, «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтында, сондай-ақ медресе-колледждерімізде дәріс беруде. Білім саласындағы байланысымыздың жоғары деңгейде болғанына қуаныштымыз әрі соған жәрдемдесіп отырған Мысыр жұртына ризашылығым шексіз» деді Бас мүфти.

Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ ҚМДБ Төрағасына алғысын білдіріп, мемлекеттік сапармен келген делегацины қарсы алғаны үшін ризашылығын жеткізді. Бұдан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрметті мейманға Бас мешітті таныстырып, зәулім ғимаратті бірге аралады.

Айта кетейік, кеше елімізге мемлекеттік сапармен келген МАР Парламенті Сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқты ел Президенті Қасым-жомарт Тоқаев қабылдаған болатын.

Бөлісу: