18
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Меккеде мүфтият атынан қазақстандық қажыларға дастарқан жайылды

Меккеде мүфтият атынан қазақстандық қажыларға дастарқан жайылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан қазақстандық қажылардың құрметіне арнайы дастарқан жайылды.

Іс-шараға Қажылық миссиясының төрағасы Ершат қажы Оңғар, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов, миссия мүшелері, 16 қажылық компаниясының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдар мен қажылар қатысты.

Рухани басқосу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бұдан кейін миссия төрағасы Ершат Оңғар меймандарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, қажыларға құт-береке тіледі және қажылық жөнінде насихат айтты.

Сондай-ақ, рухани шарада Бас консул Руслан Тобылұлы, Қазақстан қажыларына қызмет көрсететін «Машариқ әл-Мутамаииза» мекемесінің Атқарушы президенті Мұхаммед Әмин Әл-Әндиргири және жазушы Смағұл Елубай сөз сөйлеп, қажыларға ізгі тілегін арнады.

Бөлісу: