28
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

«Шымкент» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды

«Шымкент» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды

Жаңалықтар
Жарнама

«Шымкент» медресе-колледжінде биылғы түлектер қорытынды емтихан тапсырды. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрылған комиссия құрамын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қарсы алып, алдағы білім жолы мен діни қызметке кірісетін шәкірттерге батасын берді.

Осыдан кейін емтихан алу жұмыстары басталды. Қорытынды емтихан комиссиясының төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, «Шымкент» медресе-колледжінің арнайы пән оқытушылары Руслан Абдурахманов, Жолшыбек Бауыржан және мемлекеттік емтихан комиссиясының хатшысы Дияра Ташпулатова қатысып, емтихан алды. Биылғы оқу жылын аталмыш медреседе 66 студент тәмамдады. «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың айтуынша, бітірушілерге арналған қорытынды емтихан медресе-колледж бағдарламасына сәйкес Құран, фиқһ, араб тілі пәндері және қосымша сұрақтар бойынша алынды.

Бөлісу: