26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Діни басқарма қолжазбалар орталығымен ортақ меморандум қабылдады

Діни басқарма қолжазбалар орталығымен ортақ меморандум қабылдады

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ортақ меморандум қабылдады. Қол қою рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен аталған орталық директоры Жандос Бекділдаұлы қатысты.

«Мүфтият биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады. Осы бастама аясында жеке адамдар қолындағы, мешіт мұражайындағы құнды жәдігерлерді халыққа кеңінен насихаттап, ғылыми айналымға енгізу жолында қызмет етіп жатырмыз. Осы бағытта Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесе ортақ жобаларды жүзеге асыруды бастадық. Алла Тағала ұлтымыздың құнды жәдігерлерін халыққа насихаттау жолындағы ортақ жұмысымызға жар болғай. Тағылымды тарихымыздан тәлім алған жастарымыздың қатары молая түскей. Әмин!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Іс-шарадан кейін Бас мүфти орталықтың жұмысымен танысып, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, мүфтият осыған дейін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына 150-ден астам құнды қолжазбаларды берген болатын.

Бөлісу: