08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолия мүфтиімен кездесті

Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолия мүфтиімен кездесті

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Баян-Өлгей қаласында Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлымен кездесті.

Батырбек қажы Хадысұлы Моңғолия мұсылман ұйымдары одағына көрсетіп келе жатқан қамқорлығы үшін Наурызбай қажы Тағанұлына айрықша алғысын білдірді.

«Сіздің Баян-Өлгейге келуіңіз осындағы барша қазақты ерекше қуанышқа бөлеп отыр. Имамдарымызға көрсеткен қолдауыңыз үшін Сізге риясыз ниетпен ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын. Шеттегі қазақтар қашан да өздеріңізге арқа сүйеп, қолдау күтеді. Сіздер бұл үмітімізді ақтап, қуанышқа бөлеп келесіздер. Тағы да Алла разы болсын айтамын» деді Батырбек қажы Хадысұлы.

Бөлісу: