20
Жұма,
Қыркүйек

һижри

Шымкентте «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті

Шымкентте «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми әмбебап  кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті.

Алғашқы болып сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары дәстүрлі танымдарға, дін мен дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударып келе жатқанын айрықша атап өтті.

Басқосу аясында Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, ҚР Жазушылар одағының Шымкент филиалының төрағасы, жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжәлі Қоңыратбайұлы, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев сөз сөйледі. Іс-шарада кітапхана қорына «MUFTIYAT» баспасынан жарыққа шыққан кітаптарды сыйға тартылды.

Жиынға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар мүфтияттың игі бастамасы жайлы жылы пікірлерін жеткізіп, ізгі ниеттерін білдірді. Басқосу барысында бабалар рухына Құран бағышталып, ҚМДБ Төрағасы арнайы дұға жасады.

Бөлісу: