21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Қалбатауда жаңа мешіт ашылды

Қалбатауда жаңа мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Абай облысы Жарма ауданының орталығы Қалбатауда “Сәдуақас ата” атындағы жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Құлшылық үйінің ашылуына құтты қонақ ретінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Мешітті өңірге белгілі Сәдуақас атаның ұрпақтары екі айда салып бітірген. Алғаш құттықтау сөзге шыққан ҚМДБ Төрағасы құлшылық үйінің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

“Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Расында, мүмін-мұсылман мешітке келсе, Алла Тағала: «Пендем Мені зиярат ете келіпті, оның сый-сияпаты менің құзырымда, мешітке келген адамға жәннаттан басқа сыйлыққа еш риза емеспін», – деп айтады.

​Олай болса, мешіттеріміздің жамағатқа толуы еліміздің мерейін, берекесін арттырар амалдардан болатынын ескере жүргеніміз абзал. Жаңа құлшылық үйі құтты болсын! «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демей ме қазақ. Бұл да қуантарлық іс. Ендігі жерде осы мешіттен ұлағатты ұл, ибалы қыз білім алып, елдің көркеюі жолында еңбек етуіне тілектеспін” деді Бас мүфти.

Ізгі ниетінен соң Бас мүфти елге жаңадан тағайындалған Заңғар Қойшыбайды таныстырып, қызметіне береке тіледі.

Ашылудан соң қонақтар жаңа мешітті аралап көрді. Құлшылық үйінде бір мезетте 300 адам намаз оқи алады.

Бөлісу: