21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Ақтөбе облысына жаңадан бас имам тағайындалды

Ақтөбе облысына жаңадан бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысының бас имамы болып Амантай Садиев тағайындалды.

Діни басқармадан арнайы келген ҚМДБ Төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Кенжетай Байкемелұлы жамағатқа Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Амантай Әбілдаұлын таныстырды. Өз кезегінде осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының бас имамы қызметін атқарған Серікжан Еншібайұлына ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар жаңа имамның алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Ақтөбелік жамағат бұған дейін облыс бас имамы қызметін атқарған Серікжан Еншібайұлының иығына шапан жауып, алғысын білдірді.

«Серікжан Еншібайұлы осы жылдар ішінде Ақтөбе облыстық өкілдігінің қызметін жандандырып, облыстағы діни ахуалды жақсартуға күш салды. Діни маман тұрақтандыру, діни кадр даярлау істерін жолға қойды. Алла разы болсын. Ал, енді жаңадан келіп жатқан бас имам да өздеріңізге бөтен емес. Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам болып қызмет еткен. Тәжірбиелі діни маман. Қолдау білдіресіздер деп сенеміз. Алла Тағала екі имамға да жар болғай», - деп тілек білдірді Бас мүфтидің кеңесшісі.

Бөлісу: