21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Каирде «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығы ашылды (фото)

Каирде «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығы ашылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осы елдегі өкілдігі, «Талаба» халықаралық студенттер қауымдастығы жанынан «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығы ашылды.

Салтанатты шарада ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр жерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттерді құттықтап, қуанышқа ортақтасты.

«Кезінде Бейбарыс бабамыз салған даңғыл жолмен бүгінде ұрпағы жүріп, білімнің құбыласы – Мысыр жерінде білім алуда. Дәл осы Мысыр мемлекеті, ғұламалары және әл-Азһар ұстаздарының қолдауымен Қазақстан жерінде Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің құрылғанына 20 жыл толды. Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледж бен Ислам институттарында әл-Азһар ұстаздарына арнайы келіп дәріс беруде.

Осындай  ынтымақ-бірліктің көрінісі ретінде ашылып отырған мәдени орталық Мысырға білім іздеп, ілім үйренуге келген әрбір шәкірттің басқосар мекені болмақ. Мұнда студенттердің тарихи кітаптарды аударумен айналысуына мүмкіндік туады. Діни атаулы күндерде, мерекелерде бас қосып, рухани кештер ұйымдастырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп атады. Осы орайда «Сұлтан Бейбарыс» орталығы еліміздің мешіттерінде құрылған «Дін мен дәстүр» орталықтары секілді қызмет етеді деп жоспарлап отырмыз» деді.

Шара соңында Бас мүфти Діни басқарманың Мысыр Араб Республикасындағы өкілі Руслан Серғазиевке «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды табыс етіп, сонымен бірге отбасылы студенттердің кішкентай сәбилерінің тұсаукесер рәсімін өткізіп, бүлдіршіндерге батасын берді.

Бөлісу: