28
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Түркия: ҚМДБ өкілі студенттермен кездесті

Түркия: ҚМДБ өкілі студенттермен кездесті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Абдурашит Карабаев өткен аптада Кония және Кайсери қалаларында болып, «Хасеки» академиясында діни білім алып жатқан қазақстандық  студенттермен кездесті.

Абдурашит Карабаев студенттерге ең алдымен ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, мәуліт айымен құттықтады. Сонымен қатар «Хасеки» академиясына жаңадан қабылданған шәкірттерге «Талаба» қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

Кония, Кайсери қаласында өткен кездесу барысында Абдурашит Карабаев студенттерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Кездесуден кейін қасиетті мәуліт оқылып, арнайы дұғасы жасалды. Сондай-ақ Кония қаласында «Хасеки» директоры Мехмет Жейхан мырзаға сыйлық ретінде қазақша тақияны сыйға тартты.

Алдағы сәрсенбі күні  Болу қаласында да студенттермен кездесу жалғасын таппақ.

Бөлісу: