06
Жексенбі,
Қазан

һижри

Қазақстанға Қырғызстан мүфтиі келді

Қазақстанға Қырғызстан мүфтиі келді

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен елімізге Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров келді.

Елордадағы халықаралық әуежайдан құрметті меймандарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.

Айта кетейік, 2-3 қазан күндері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының V Мәжілісі өтеді. Айтулы жиынға келген Қырғызстан мүфтиі ертең Діни басқармада өтетін екіжақты кездесулерге қатысады деп жоспарлануда. 

Бөлісу: