06
Жексенбі,
Қазан

һижри

Түркия мүфтиі діни оқу орындарына арнайы барды

Түркия мүфтиі діни оқу орындарына арнайы барды

Жаңалықтар
Жарнама

Елімізге ресми сапармен келген Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш елордадағы «Астана» медресе-колледжі мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтына арнайы барды.

Түркия мүфтиі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты оқу орындарымен танысып, ұстаздар мен шәкірттерге сәттілік тіледі. Білім алу мен жастарға діни білім берудің маңызына тоқталып, тәжірибесін бөлісті. Бұдан кейін профессор Али Ербаш «Әзірет Сұлтан» мешітіне зиярат жасап, зәулім ғимаратты аралап көрді.

Айта кетейік, Түркия мүфтиі елімізге ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен ертең Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының V Мәжілісіне әрі ресми жұмыс сапарымен келген болатын.  

Бөлісу: