19
Жұма,
Сәуір

һижри

Ел іргесі бекіген, Тәуелсіздігіміздің туы желбіреген шақта қуаныш пен берекенің айғағындай Маңғыстаудың төрінде тағы бір мешіт есігін айқара ашты.  Жаңаөзен қаласындағы Әбіш қожа аты берілген құлшылық үйі   ел егемендігінің 25 жылдығында Маңғыстау өңірінде ашылған 25-ші мешіт саналады. Бұл жайында Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін бас қаламыз Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мәуліт мерекесінің құрметіне рухани кеш өтті. 

Мәуліт – күллі мұсылман халқы үшін қадірлі мереке. Өйткені осы күні ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед дүниеге келген.

Халал деген не? Қазір әртүрлі қоғамдық орындар мен сауда-саттық, қызмет салаларында «Халал» сөзін қолдану үрдісі байқалады. Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай» бағдарламасының кезекті көрсетілімі осы тақырыпқа арналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәжілісінде осындай шешім қабылданып, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы шықты. Бұл туралы Muftyat.kz сайты хабарлады.

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері «Ат-Такфир уәл-Хиджра» діни-экстремистік ұйымын залалсыздандыру мақсатында арнайы операцияны бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлын қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі республика әуежайлары мен теміржол возкалы ғимараттарында намаз оқуға арналған бөлмелерді ашу мәселесін қарастыру үстінде, деп хабарлайды E-Islam.kz.

Фото: Avdey.kz

Еңселі елорда келер жылы тағы бір айшықты құлшылық үйімен толығады. Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Мәңгілік ел» Триумф аркасы жобасы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері Сағындық Жанболатов «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында елорданың тәуелсіздік жылдарындағы сәулеті туралы әңгімелеп берді. Сұхбат барысында сәулетші Астана қаласында жаңа мешіттің бой көтеретінін жеткізді.

16 желтоқсан – Қазақстан халқы үшін аса айрықша мейрам. Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірқатар қызметкерлері ел дамуы мен руханиятына қосқан үлестері үшін арнайы марапаттарға ие болды.

Астанада Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл бойы өзiне сенiп, соңына ерiп, үлкен iстердi бiрге атқарған халқына алғысын жеткiздi. Бұл жайында BNews.kz хабарлады.