12
Жексенбі,
Шілде

һижри

Кеше еліміздің астанасында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай ұйымдастырылған Мәуліт мерекесі болып өтті. ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен рухани кешке елімізге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, мұсылман мемлекеттерінің елшілері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Бүгін Астана қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) қорытынды жиналысы өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Халықтың діни сауаттылығын арттыру жолында аянбай қызмет еткен білікті мамандардың қорытынды жиналысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысып, РАНТ мүшелерінің жұмысына өз пікірлерін білдірді.

Биыл еліміз бойынша 1 648 163 адам діни дәріс сабақтарына қатысып, дін мамандарының уағызын тыңдаған. Бұл жайында Астана қаласында РАНТ мүшелерінің қорытынды жиналысында айтылды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қадірменді бауырлар!

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылау Төралқа мәжілісі өтуде, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Бүгін елордада бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылды қорытындылауға арналған Үлкен Төралқа мәжісілі өтуде, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Қазақстанның Египеттегі Төтенше және өкілетті елшісі Берік Арынмен кездесті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары аясында 22 мұсылман мемлекеттері бас мүфтилерінің қатысуымен құрылған әлемдік пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Мысыр астанасында мұсылман елдеріндегі пәтуа шығару құрылымдарының дін басшыларының заманауи-шариғи шешімдерді шығару мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті. Әлемдік басқосуға мұсылман мемлекеттерінің бас мүфтилері қатарында Мысыр мүфтиі Шауқи Алламның шақыруымен ҚМДБ төрағасы, бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Құрметті жамағат, Астана қаласының тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «АДАМЗАТТЫҢ АБЗАЛЫ» атты рухани кешіміздің құрметті қонағы болуға шақырамыз.

Қазақстант Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен салтанатты жиында барша қазақстандықтарды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.