25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қазақстан митрополиті Бас мүфтиді Рухани келісім күнімен құттықтады

19 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын 18 қазан – Рухани келісім күнімен құттықтап, хат жолдады.

Сансызбай Құрбанұлы «АТЫРАУ» телеарнасына сұхбат берді

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына бастап келген делегация құрамындағы​ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жергілікті «Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

Бас мүфти мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО)

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атырау облысына жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өткізілген қайырымдылық акциясына қатысты.

ҚМДБ төрағасы мұқтаж отбасына баспана кілтін табыс етті (ФОТО)

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 283-ші баспана екі бірдей баласы сал ауруына шалдыққан жалғыз басты ана Таңсамал Хайыроваға бұйырды.

Бас мүфти Бейбарыс ауылында «ҚАСЫМ ХАН» мешітін ашты (ФОТО)

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында қасиетті жұма күні салтанатты жағдайда ашылған мешіттің сыйымдылығы 300 адамға шақталған.

Діни басқарма төрағасы Атырауда «Имамдар үйі» кешенін ашты (ФОТО)

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атырау облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Имамдар үйінің» ашылу рәсіміне арнайы қатысты.

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ филиалы «РАХЫМҚЫЗЫ РАИСА АНА» мешітінде «МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» атты Құран жарысы болып өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти «Жусан» операциясымен оралғандарға насихат айтты

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рухани келісім күніне орай «Жусан» операциясымен елге оралған атыраулық әйелдермен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы атыраулық жастармен сұхбаттасты (ФОТО)

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атырау облысына іс сапары аясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті «Иман жастары» еріктілерімен арнайы кездесіп, сұхбаттасты.

Бас мүфти Жусан операциясымен елге қайтарылған жазасын өтеушімен кездесті (ФОТО)

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атыраудағы 66-түзету мекемесіне арнайы барған ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жусан операциясымен елге оралған Е.А.-мен арнайы кездесті.

Наурызбай қажы Тағанұлы жат ағыммен істі болғандармен жекелеген кездесулер өткізді

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласына іссапары барысында УК-157\9 мекемесіне арнайы барып, теріс ағымның жетегіне еріп, бүгінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен жекелеген кездесулер өткізді.