22
Жұма,
Қараша

һижри

Діни басқарма төрағасы Атырауда «Имамдар үйі» кешенін ашты (ФОТО)

Діни басқарма төрағасы Атырауда «Имамдар үйі» кешенін ашты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атырау облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Имамдар үйінің» ашылу рәсіміне арнайы қатысты.

– Асыл дінімізді кеңінен жаюда, жат ағымдармен күресте білікті маман керек. Білікті маманға жан-жақты жағдай жасауымыз қажет. Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қоры арқылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспаналарды имамдарға табыс етіп отырмыз, - деген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Имамдар үйінің» ашылуы да дін қызметкерлерінің алаңсыз еңбек етуі үшін жасалып отырған жағдай екендігін атап өтті.

Алты жанұяға арналған үй екі қабаттан тұрады. Қайта жаңғыртылған тұрғын үй кешенінің төменгі қабатында екі бөлмелі, жоғарғы қабатында бір бөлмелі пәтерлер орналасқан.

Атап өту керек, «Имамдар үйі»  арнайы тұрғын үй кешені Атырауда бұрын-соңды болмаған. Осылайша, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 284, 285, 286, 287, 288 және 289-шы пәтерлер  имамдарға табысталып отыр.

imamdar1

imamdar1

imamdar1

 

Бөлісу: