29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ескертеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ескертеді

Ел іші
Жарнама

 9 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жеке ақпараттық интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының қызметі туралы материалдарды жариялаудың жиілеп кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен ҚДТ экстремистік ұйым деп танылғанын еске салады, деп жазады qogam.gov.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Сот шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Интернет желісінің қазақстандық сегментінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде, әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен видеохостингтерде, сондай-ақ ақпараттық материалдарды тарату арқылы жұмыс істейтін интернет-ресурстарда ҚДТ-ның кез келген қызметіне тыйым салу көзделген.

Осылайша, ҚДТ қызметін қолдау үшін материалдарды жариялау Қазақстан Республикасы сотының шешімін орындамау ретінде бағалануы мүмкін.

Осыған байланысты, уәкілетті органдар тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет желісін заңға құлықты пайдаланушыларға наразылықтарды болдырмау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мынадай ұсынымдарды ұстануды ұсынады.

Қазақстан Республикасының аумағында сот экстремистік деп таныған ұйымдардың қызметін жария ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына:

– заңнаманың және кәсіби этиканың талаптарын ескеру және экстремизмді насихаттау белгілері бар бейне, аудио немесе баспа материалдарына сілтеме жасамау, сондай-ақ олардың толық орналастырылуына немесе дәйексөзге келтірілуіне жол бермеу – басқаша айтқанда, экстремистік материалдардың тарату үшін көзі болмауы;

– өз материалдарында осындай ұйымдар аталған кезде олардың Қазақстан Республикасындағы қызметіне сот шешімі бойынша тыйым салынғанын міндетті түрде көрсету керек. Өз кезегінде, Интернет желісін барлық қазақстандық заңға бағынушы пайдаланушыларға мемлекеттік органдар тарапынан наразылықтарды болдырмау үшін келесі қарапайым ұсыныстарды ұстану ұсынылады:

– Интернет желісінде сот шешімі шығарылғаннан кейін шыққан ҚДТ экстремистік ұйымының ұстанымдары мен идеялары бар жаңа материалдар пайда болған жағдайда, оларды қолдау үшін санақ пен пікірлерге жол бермеу;

– Әлеуметтік желілердегі және мессенджердегі топтардағы өз аккаунттарынан ҚДТ қызметіне байланысты материалдарды алып тастау (сот шешімі шығарылғанға дейін алынған немесе орналастырылған осындай материалдардың болуы бұзушылық болып табылмайды, дегенмен, сіздің жеке парақшаңыз немесе тобыңыз оларды одан әрі тарату көзі болатын жағдайлардан аулақ болған жөн).

 – Бас прокуратура өкілдері бұрын ұсынғандай, сот тыйым салған ҚДТ қозғалысымен байланысты пабликтерден шығу және аккаунттардан бас тарту дұрыс шешім болады. Осы қарапайым ұсыныстарды сақтай отырып, сіз өзіңізді және әлеуметтік желілердегі жазылушыларды ҚДТ экстремистік ұйымының қызметіне қасақана немесе ойдан қатысудан қауіпсіздендіре аласыз.

Бөлісу: