28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Дәстүрді дәріптейтін қос кітап жарық көрді

Дәстүрді дәріптейтін қос кітап жарық көрді

Ел іші
Жарнама

11 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Дәстүрім – асыл қазынам» энциклопедиялық жинағы мен «Ұлттық киімдер» атты (альбом) кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп жазады egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кітаптың тұсаукесер кешіне «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.у.а. Әбдіжаппар Сәкен, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталған туындыға ұлтымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері, жөн-жоралғылары, ұлттық ойындары, рухани мұралары енген. Осы рухани қазына арқылы қазіргі жаһандану уақытында тарих қойнауында жатқан асыл құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру көзделген.

Бөлісу: