24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Алматы қаласының әкімімен кездесті

Бас мүфти Алматы қаласының әкімімен кездесті

Ел іші
Жарнама

12 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Алматы қаласының Орталық мешітінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде Алматы қаласында діни салада атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар қоғамдық келісім мен дінаралық диалогты нығайту мәселелері сөз болды.

Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Бақытжан Әбдірұлына қалада орналасқан 51 мешіттің сауапты һәм салауатты шаралары жайлы, қайырымдылық бағытындағы игі жобалары туралы баяндап берді.

Қасиетті жұма күнгі кездесу соңында Орталық мешітте Құран оқылып, дұға жасалды.

Бөлісу: