18
Жексенбі, Тамыз

һижри

Президент: Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ

Президент: Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ

Ел іші
Жарнама

22 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ. «Степь» сөзі қазақша - дала. Ал «Ұлы дала» - ұлан-байтақ еліміз, қазақтың жері, Қазақстан дегенді білдіреді. Бірақ, біздің тауларымыз да бар, Алматыда. Сондықтан даланы барша қазақтың атамекені деп атаймыз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы жеріміздің аумағындағы таулардың да маңызын баса айтты. 

«Ұлы ақын Олжас Сүлейменов айтқандай: «Даланы төмендетпей, тауларды ұлықтау» қажет. Міне, біз осылай өмір сүріп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Фото: mfa.kz

Бөлісу: