25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бабалар дәстүрімен жаңа мешіт салынатын болды

Бабалар дәстүрімен жаңа мешіт салынатын болды

Ел іші
Жарнама

26 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Семей әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын асар шақырды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қалада 2700-3000 адамға есептелген мешіттің құрылысы 2008 жылы басталған еді. Жоспарға сәйкес, мешіт пайдалануға 2020 жылдың жазында берілуі тиіс. Осыған байланысты қала әкімі тұрғындарды мешіттің құрылысына атсалысуға шақырып отыр.

Асар осы сенбі, яғни, 27 шілде сағат 15:00-ге жоспарланған.

– Мұндай игі іске кез келген адам өз үлесін қосуы керек деп санаймын. Біреулер қаржылай, ал енді біреулер еңбегімен өз пайдасын тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл халық үшін салынып жатқан мешіт, сондықтан барша қала тұрғындарын асарға шақырамын, – дейді қала басшысы Е.Сәлімов.

Осылайша Алаштың астанасы болған шаһарда бабалар дәстүрін жаңғырта отырып салынған жаңа мешіт бой көтермек.

Бөлісу: