20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Шымкентте жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты (ФОТО)

Бас мүфти Шымкентте жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан «Сайрам жәми» мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Адамзат тарихынан қай елде бірлік жоғалса, сол жерде жеңіліс болғанын білеміз. Бақыт пен береке ынтымаққа ұйысқан елде ғана баянды болады. Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда барша адамзат баласына: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят), - деп бұйырған. Ынтымағы бар елдің ырысы мен берекесі де мол. Бүгінгі мұсылман үмбеті, еліміздің кез келген азаматы қандай жағдай болмасын ең әуелі ел бірлігін, жұрт тыныштығын барлық мүддеден жоғары қоюы қажет», – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.
Жұма намазынан кейін жамағат елдің игілігі үшін дұға жасады.

Бас мүфти мешіт қызметкерлерімен жиналыс өткізіп, нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу: