29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында отандастарды мал бағасын шарықтатпай, қанағат етуге үндеді

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында отандастарды мал бағасын шарықтатпай, қанағат етуге үндеді

Ел іші
Жарнама

8 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бұл жайында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Осы ретте отандастарымды мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеймін. Өйткені, Құрбан айт – қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі. 
Құрбан айтта орындалатын ең қайырлы амал – құрбан шалу. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады. Алайда, айт күндері мал бағасы қымбаттап кететін жағдай жиі орын алады. 
Ұлық мейрамда жасайтын барша сауапты амалдарыңыз, қайырымдылық істеріңіз қабыл болғай!»

Серікбай қажы ОРАЗ,
Қазақстан мұсылмандары діни 
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Бөлісу: