17
Сенбі, Тамыз

һижри

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Ел іші
Жарнама

11 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

                          Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!       

Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.   

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.     

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.            

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық,
құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Қасым-Жомарт Тоқаев

Бөлісу: