19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти отандық БАҚ басшыларына алғыс білдірді

Бас мүфти отандық БАҚ басшыларына алғыс білдірді

Ел іші
Жарнама

16 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Хабар» Агенттігі, «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы, «Алматы» телеарнасы, т.б. отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілеріне, тілшілерге алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Исі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айтта атқарылған ізгі іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетіп, мерейлі мерекенің мәні мен маңызын насихаттауға сүбелі үлес қосқандарыңыз үшін сіздерге айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды жеткіземін. Алла разы болсын! Осынау сәулелі сәтті пайдаланып, шынайы ниетпен отбасыларыңызға Жаратқан жар болсын деген тілегімді білдіремін.

Халықтың қамы, еліміздің болашағы жолындағы істеріңіз берекелі болсын. Алла Тағаланың мейірім-шапағатына бөленіп, абыройларыңыз арта берсін! Әмин!» – делінген Бас мүфтидің жолдаған хатында.

Бөлісу: