25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Меценат көлік жуатын жерде өмір сүретін отбасына пәтер сыйлады

Меценат көлік жуатын жерде өмір сүретін отбасына пәтер сыйлады

Ел іші
Жарнама

19 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында екі баласымен көлік жуатын жердегі коммуналдық бөлмеде өмір сүріп келген Исатай Таумашевқа есімі жасырын қалуын қалаған азамат 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бір ұл мен бір қыздың әкесі Исатай Таумашев жалғызбасты әке. Бір уақыттары жалдамалы пәтерге шыққанымен, жағдайы көтермеген соң қайтадан коммуналдық бөлмеге оралған еді. Әрі қарай күн көрісіміз қалай болар екен деп уайымдап жүрген әке үшін күтпеген жерден жүрегі кең азаматтың жасаған тосын сыйы кәдімгідей демеу болды.

17 миллион теңге тұратын 2 бөлмелі пәтерді көруге барғанда Исатай әлі де өз көзіне өзі сене алмады. Бұл жағдайға куә болған үй иесі мен риэлтор да таңырқаған еді. Ал тосын сый жасаған меценат жаңалықтардан 2 баласымен коммуналдық бөлмеде өмір сүріп жатқан ер адам жайлы оқыған соң түні бойы көз іле алмағанын айтты. Ертеңіне айтылған мекен-жай бойынша барып, бәрін өз көзімен көріп, көршілерінен Исатай жайлы сұрастырған соң осындай шешім қабылдаған. «Ол қанша қиналса да балаларын тастап кеткен жоқ, оларды жалғыз тәбиелеп отыр, демек мұндай сыйлыққа лайық деп түйдім», - дейді жасырын қалуды құп көрген меценат.

Бұған дейін есімі белгісіз меценат 6 балалы анаға пәтер сыйлаған еді. «Мен әр жобамды аяқтаған сайын бір отбасына пәтер алып беремін деп шештім. Бұл менің өзіндік «тұрғын үй бағдарламам». Мұны балалар үшін, олардың болашағы үшін жасаймын», - деді кең пейілді азамат.

«Қарақұс бауырына басып жейді, сұңқар жан-жағына шашып жейді» демекші, қоғамда осындай өнегелі азаматтардың амалы көпке үлгі-өнеге болар деп үміттенеміз.

730dc8f5b7eac5e131642f19b53d3371

fcef0ed58e14f054e10619648fccd1b4

a306977ee384ac60aae7e5765114e126

Бөлісу: